Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды

23.06.2025, 17:56
1589
Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Жаңа технология Бас прокуратураның ісіне көмекші болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда құқық қорғау органдары жасанды интеллект пен big data технологияларын өз жұмысында белсенді қолдана бастады. Бұл туралы ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылған.

«Жаңа жүйе, ең алдымен, қылмысты алдын ала анықтап, оның жолын кесуге бағытталған. Қаладағы кейбір бейнебақылау камераларына жасанды интеллект енгізілді. Ал камера орнатылмаған жерлерде дрондар көмектеседі. Бұл құрылғылар да жасанды интеллектпен жабдықталған», – деді Жандос Өмірәлиев.

Жасанды интеллект жүйесі:

бұзақылық әрекеттерді;

төбелесті;

қару ұстаған адамды автоматты түрде анықтап, дереу құқық қорғау органдарына хабар береді.

Сондай-ақ, жасанды интеллект іздеуде жүрген, пробацияда тіркеуде тұрған немесе үйқамақта отырған тұлғаларды бақылауға көмектеседі.

«Аталған азаматтардың тізімі цифрландырылып, жасанды интеллект жүйесіне енгізілген. Егер бұл адамдар көшеде жүрсе, бағдарлама бірден белгі береді», – деп түсіндірді Бас Прокурордың орынбасары.

Бұған дейін Жандос Өмірәлиев прокуратураның интернет-алаяқтықпен күрес, балалар үйлерін түнгі уақытта бақылау және әлеуметтік желілердегі резонанстық оқиғаларға ден қою сияқты жаңа тәсілдер жайында да мәлімдеген еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады