Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар

23.06.2025, 17:59
719
Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Miljan Živković / Getty Images

Жастар, көбіне, білместікпен жалған ақпараттарды жиі таратады дейді Бас прокурордың орынбасары.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жастардың әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату жағдайлары жиі кездесетінін айтып, бұл әрекеттің заңмен жазаланатынын ескертті. Бұл туралы ол Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында мәлімдеді.

«Жастар, көбіне, білместікпен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып жатады. Бұл – заңмен тыйым салынған әрекет. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте мұндай үшін айыппұл немесе әкімшілік қамау қарастырылған», – деді Жандос Өмірәлиев.

Оның сөзінше, егер таратылған жалған ақпарат ауыр салдарға әкелсе немесе азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтірсе, онда мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке жатады.

«Ондай жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – деп нақтылады Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ, қоғамда арандату туғызу мақсатында ақпарат таратқандарға қатысты да жаза бар.

«Жалған немесе арандатушы сипаттағы ақпаратты прокуратура да, Ақпарат министрлігі де бақылап отырады. Сондықтан мен ақпараттық мәдениетті арттыруға шақырамын. Әсіресе, жастар бұл мәселеге өте мұқият қарауы керек. Өз парақшасына не жариялап жатқанын біліп отырмаған жастар көп. Бірақ бұл – жауапкершіліктен босатпайды», – деп ескертті Жандос Өмірәлиев.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады