Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі»

23.06.2025, 18:08
838
Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, тонау мен қарақшылық бес есе қысқарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

«2019 жылы елімізде 280 мың қылмыс тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 133 мыңға дейін азайды. Бұл – үлкен жетістік», – деді ол.

Бас Прокурордың орынбасары атап өткендей, кісі өлтіру мен зорлық қылмыстары екі есе, тонау мен қарақшылық бес есе қысқарған.

«Дамыған елдерде қылмыс деңгейін бірқалыпты деңгейде ұстап тұрудың өзі оң көрсеткіш болып есептеледі. Ал бізде бұл көрсеткіштің едәуір қысқаруы – еліміздің дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді», – деді Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл мемлекеттік жүйенің және қоғамның ортақ еңбегі.

«Ең бастысы – халықтың құқықтық санасының артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл – тұрақты, қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам», – деп түйіндеді Бас Прокурордың орынбасары.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды