Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді

23.06.2025, 18:49
1313
Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Getty Images / Anadolu/Ali Jadallah

1 сағаттан кейін не боларын білмейміз дейді министр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанға Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты босқындар келуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 23 маусымда өткен брифингте жауап берді.

"Қазіргі таңда Қазақстанға босқын мәртебесін сұрап, Иран не басқа елден келіп жатқан ешкім жоқ. Бізге ешқандай ресми өтініш түспеді", – деді СІМ өкілі.

Ол босқындар тасқыны немесе жаппай көшу қаупі жайлы нақты дерек жоғын айтып, жағдайдың қалай өрбитінін болжау мүмкін емес екенін жеткізді.

"Бізге тек бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда әрекет ету құқығы берілген. Бір сағаттан кейін не болатынын дөп басып ешкім айта алмайды", – деді Смадияров.

Сонымен қатар, босқындар легі аясында елімізге лаңкестердің ену қаупі жөніндегі сұраққа жауап бере отырып, бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысатынын нақтылады.

Смадияров әлеуметтік желілерде тараған Газа секторының тұрғындарын Сауд Арабиясы Қазақстанға көшіру туралы фейк ақпаратты да жоққа шығарды.

"Бұл – еш негізі жоқ, ашық фейк. Мұндай шешім қабылданған жоқ", – деді СІМ өкілі.

Айта кетейік, 2025 жылдың 13 маусымында Израиль «Арыстан ұлты» операциясы аясында Ирандағы ядролық және әскери нысандарға соққы берді. Артынша Иран Израильге қарсы жауап шабуыл жасады. Осы жағдайдан кейін 22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша ресми мәлімдеме жариялады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды