Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады

Аиса Махамбет Редактор
23.06.2025, 20:10
1498
Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады жеке парақшасынан

Құран оқитын жерге видео түсіру үшін мобилографын жетектеп келеді екен кейбір өнер иелері.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі әнші Алтынай Жорабаева соңғы кезде әншілердің қайда барса да мобилографпен бірге жүруін сынға алды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын – үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң, тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніңе дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын», – деді әнші.

Өнер иесі бұл әрекет халыққа көрінбегенімен, сырт көзге тым жасанды және ұнамсыз әсер қалдыратынын ескертті.

«Бәрі «ел көрсін» деген оймен істелгені сезіледі. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді насихаттаңыз, бірақ шектен шықпаңыздар. Артық айтсам, кешірім сұраймын», – деп түйіндеді Жорабаева.

Осы тақырыпқа орай бұған дейін Сәкен Майғазиев те ұлының тойында мобилографтарды ішке кіргізбегенін мәлімдеген болатын.

«800 қонақты басқару оңай емес. Оның ішінде 100 шақтысы – әріптес әншілер. Егер әрқайсысы жеке мобилографпен келсе, жағдай қиындап кетер еді. Сондықтан ұйымдастырушылар олардың кірмеуін сұрады», – деген еді эстрада жұлдызы.

Қазір желі қолданушылары арасында мобилограф мәселесі қызу талқылануда. Бірі бұл қадамды жеке кеңістікті қорғау деп қабылдаса, енді бірі заман талабына сай контент жасаудың бір бөлігі екенін айтып, қарсы пікір білдіруде.

«Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО) «Сөмкесінде 5 тапанша болған»: 8-сынып оқушысы 9 адамды атып тастап, өзіне қол жұмсады Мәскеу Молдованың ТМД-дан шығу шешіміне өкініш білдірді Павлодарда әскери қызметші өзін атып тастады Мектепке диктант, мазмұндама мен шығарма қайта оралады Мектептегі қауіпті «әзіл»: Астанада оқушылар сыныпта газ шашқан