ТМД миссиясы сайлаудағы байқау нәтижелерін жариялады

20.03.2023, 17:44
417
ТМД миссиясы сайлаудағы байқау нәтижелерін жариялады Zakon.kz

ТМД атынан байқаушылар миссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға дайындық және өткізу барысына жүргізген қадағалау жұмыстарының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Сайлау барысын ТМД мииссиясының 196 байқаушысы қадағалады. Оның ішінде 10 байқаушы ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеді. Олар сайлауды ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасап, ведомстволардан қажетті ақпараттарды алды. Миссия республика бойынша халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті жағдай жасалғанына толық көз жеткізді. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық пен оны өткізу кезінде кәсіби ұйымдастырушылық деңгейін көрсетті», - деп атап өтті ТМД атынан байқаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов.

Оның сөзінше, саяси додада бәсекелестіктің жоғары болғаны - тіркелген жаңа партиялар мен өзін ұсынған кандидаттар қатарының көп болуына байланысты.

«Миссия Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді деп есептейді. ТМД байқаушыларының пікірінше, барлық тіркелген саяси партиялардың сайлау науқанына қатысуы және бір мандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттар санына шектеудің болмауы оны бәсекелестік пен ашықтық жағдайында өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деп миссияның жұмыс қорытындысын жариялады Леонид Анфимов.

ТМД байқаушылары 832 сайлау учаскесіне барып, қадағалау жүргізген. Нәтижесінде аталған миссия байқаушылары елімізде өткен Мәжіліс сайлауы барлық заң талаптарына сай өткенін жариялады.

 

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті