Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін

24.06.2025, 10:13
178
Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін SMARTNEWS.KZ коллажы

Жоғарғы сот Перизат Қайраттың ісі бойынша өтетін сот отырысы туралы мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғарғы сот «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы ірі көлемде қаражат жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Kazinform агенттігінің сауалына жауап берген ведомство сот процесін тікелей эфирде көрсету қоғам тарапынан сұраныс болған жағдайда қарастырылатынын хабарлады.

«Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түскен соң, қоғам мен заңгерлер тарапынан ашық сот отырысын өткізу туралы ресми өтініштер түссе, сот оны онлайн режимде жүргізу мүмкіндігін қарастырады», – делінген Жоғарғы соттың ресми жауабында.

Айта кетейік, Перизат Қайрат«Біз біргеміз» қорының негізін қалаушылардың бірі. Ол мен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі аяқтап, 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын іс материалдарымен таныса бастаған.

Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, 9 маусымда танысу процесі аяқталып, заң бойынша үш күн ішінде істі прокуратураға жіберу қарастырылған.

«Прокуратура істі 10 күн ішінде сотқа жолдайды. Сот іс түскен соң, қай күні қаралатынын хабарлайды», – деді Жеңіс Елемесов.

«Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар