830

Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты

Алматыда жылу құбыры жарылып, көшелерге ыстық су атқылады.

Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАлматыда жылу құбыры қайта жарылып, көшені ыстық су басып қалды. Оқиға Қазыбаев көшесінде, гидравликалық желілерді жоспарлы сынақтан өткізу кезінде тіркелді.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жарылыс №105а үйдің маңындағы магистральдық құбырда болған.

«Алматы жылу желілері» компаниясының хабарлауынша, диаметрі 1000 мм болатын құбырдағы ақау апаттық бригада тарапынан жедел оқшауланған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — құбырдың коррозияға ұшырауы.

«Сынақ барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Алайда, жоспарлы тексеріс кезінде төтенше жағдайлар болуы мүмкін», – делінген компания хабарламасында.

Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін де Алматыда жылу жүйелерін тексеру кезінде құбыр жарылып, AlmaU университетінің маңын ыстық су басқан еді.

Компания мұндай жағдай кезінде тұрғындарға оқиға орнына жақындамауды және дереу диспетчерлік қызметке хабарласуды ескертеді.

Материал авторы