Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

24.06.2025, 12:56
793
Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Саида Мирзиёева Telegram-арнасы

Өзбекстан Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева ел Президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұл лауазым 2023 жылдың тамызында жойылған болатын. Ол кезде Мирзиёева Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған. Ал жаңа тағайындауға дейін бұл құрылым президент жарлығымен қайта қалпына келтірілген.

Саида Мирзиёева саясатта 2019 жылдан бері белсенді. Бұған дейін ол Мемлекет басшысының көмекшісі, сондай-ақ ақпараттық саясат пен коммуникацияға жауапты сектордың жетекшісі болған. Бұл сектор кезінде Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Комил Алламжановқа қараған.

Мирзиёева — Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университеті мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де магистратура бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды