«Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады

24.06.2025, 13:31
757
«Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Comic Con Astana 2025

«Бітім» (La Tregua) деп аталатын, Карлаг тарихына негізделген туынды кинотеатрлар мен стриминг платформаларында көрсетіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Comic Con Astana 2025 фестивалінде Қазақстан мен Испания арасындағы алғашқы халықаралық бірлескен жоба – «Бітім» (La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл туынды жаһандық прокат пен Netflix стриминг платформасына арналып түсірілген.

Карлагтың қайғылы тұстарын қозғайтын «Бітім» (La Tregua) фильмін режиссер Мигель Анхель Вивас түсіруде. Оның шығармашылық қоржынында аты аңызға айналған «Бумажный дом» (La Casa de Papel) сериалындағы эпизодтар, Мэттью Фокс түскен постапокалиптикалық триллер «Extinction» («Вымирание») және хоррор «Inside» («Внутри») фильмі бар.

Фильмнің оқиғасы 1937–1945 жылдары Қазақстандағы Карлагта өрбиді. Бұл лагерьде әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген тұтқындар отырған. Туындының басты желісінде – азаматтық соғыстың алапат лебі екі жаққа айырған қос испан азаматы мен адам төзгісіз жағдайда адамгершілік пен қайсарлығынан айнымаған қазақ зиялысы тұр. Фильм тарихи жады, жеке таңдау мен рухтың мызғымастығын басты тақырып етеді.

«Бітім» фильмі кейіпкерлерінің тағдыры арқылы Қазақстанның миллиондаған адам үшін екінші Отанға қалай айналғаны айқындалады. Сондай-ақ қиын-қыстау заманда ынтымақ, жанашырлық пен мәдениеттің адамзат үмітінің тірегі болғаны көрсетіледі.

Фильм постпродакшннің соңғы сатысында тұр. Қазір орыс және қазақ тілдерінде дубляж жасауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Премьера 2025 жылғы күздің соңы мен қыс мезгіліне қарай жоспарланған. Ал қыркүйекте фильм Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде (Festival Internacional de Cine de San Sebastián) конкурстан тыс ұсынылатын болады.

Фильмге Netflix-тің танымал жобалары арқылы әлемге әйгілі болған актерлер — Мигель Эрран («Бумажный дом») және Арон Пипер («Élite») түскен. Қазақстандық актерлер қатарында Дина Тасболатова, Сергей Уфимцев, Алтынай Нөгербек пен Фараби Ақкөзов ойнайды.

Режиссермен бірге «Бітім» жобасының атқарушы продюсері Эмилио А. Пина да конвентке қатысады. Оның қоржынында «Пропавшие без вести», «Инцидент» секілді 20-дан астам жоба бар. Сондай-ақ, Эмилио Пина – Испанияның ұлттық кинопремиясы – «Гойя» сыйлығын бес мәрте ұйымдастырған тұлға.

Делегация құрамында UMAIFILM компаниясының бас продюсері Ерлан Халижанұлы Бекхожин де болады. Ол — «Хабар» агенттігінің экс-Басқарма төрағасы, еліміздің ірі медиаменеджерлерінің бірі және аудиовизуалдық контент саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосушы.

Фильм өндірісі Испанияның Plano a Plano кинокомпаниясы мен Қазақстанның Amanat Capital компаниясы арасындағы алғашқы халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Испания тарапынан жобаға аудиовизуалдық контент жасауда мол тәжірибесі бар продюсерлер — Цезарь Бенитес, Эмилио Амаре және Эмилио А. Пина жауапты. Қазақстан тарапынан фильмнің бас продюсері — Аманат Конақбаев. Продюсерлер құрамына Даир Қаракеев, Даурен Байғалиев және UMAIFILM компаниясының продюсерлері — Жарасхан Құлпиенов пен Әлия Далабаева кіреді. Қазақстан командасының үйлестіруімен белгілі медиаменеджер, журналист және продюсер Ерлан Халижанұлы Бекхожин айналысады.

Comic Con Astana-2025 фестивалі тарихтағы ең ірі шараға айналып, ТМД аумағындағы поп-мәдениет саласының басты оқиғаларының біріне айналады. 2025 жылы фестиваль бес күнге созылып (9–13 шілде аралығы) алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана Арена» стадионы мен «Барыс Арена» МЛД.

2019 жылы құрылған сәтінен бастап конвент жергілікті шарадан халықаралық деңгейдегі толыққанды платформаға айналды. Ол киноиндустрия, анимация, комикс, видеоойындар, косплей және цифрлық өнер саласының өкілдерін біріктіреді.

Фестивальдің хэдлайнері – британдық актер, режиссер және цифрлық кейіпкерлерді экранға шығару саласындағы жаңашыл адам — Энди Серкис. Ол қозғалысты түсіру технологияларын дамыту арқылы кино индустриясында төңкеріс жасаған тұлға. Ең танымал рөлдері: Голлум («Сақиналар әміршісі»), Цезарь («Маймылдар планетасы»), Жоғарғы көшбасшы Сноук («Жұлдыздар соғысы»), Альфред Пенниуорт («Бэтмен», 2022), Кинг-Конг (Питер Джексон ремейкі), Улисс Кло (Marvel әлемі), Кино Лой («Андор»). Сонымен қатар, Серкис — «Веном 2», «Маугли» және жақында жарық көретін «Сақиналар әміршісі: Голлумға аңшылық» фильмдерінің режиссері.

Бұған дейін Comic Con Astana фестивалінің хэдлайнері ретінде әлемдік индустрияның танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Мадс Миккельсен, Пилу Асбек, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және басқалары бар.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)