Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады

24.06.2025, 16:31
735
Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады Amir Levy/Getty Images

Зымыран шабуылы атысты толық тоқтату шешімі күшіне енгеннен кейін жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Иранды атысты тоқтату туралы келісімді бұзып, зымыранмен шабуыл жасады деп мәлімдеді. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әскерге "қатаң жауап қайтаруды" тапсырды.

24 маусым таңертең ЦАХАЛ өкілі Иранның зымыран соққысын жасағанын растады. Бұл шабуыл атысты толық тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін жасалған. Израильдің солтүстігіндегі бірнеше қалада әуе дабылы қосылып, жарылыстардың дыбысы естілген.

The Times of Israel басылымының дерегінше, Израиль әскері Ираннан ұшырылған бір баллистикалық зымыранды тосып үлгерген. ЦАХАЛ өкілдері ел әлі де жоғары дайындық жағдайында екенін айтты.

AP агенттігінің хабарлауынша, Қорғаныс министрі Исраэль Кац әскерилерге Иран шабуылына қатаң жауап беруді бұйырған.

Бұл оқиға АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы "соғыс әрекеттерін толық тоқтату"туралы жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң болды.

Трамптың мәлімдеуінше, бұл бітім кезең-кезеңімен жүзеге аспақ:

  • Иран 24 маусым күні таңғы 6:00-де (орталық еуропалық уақытпен) шабуылдарын тоқтатуға тиіс болған,

  • Израиль одан 12 сағат кейін қарсы әрекетін доғаруы керек еді.

  • 24 сағат өткен соң, соғыс "ресми түрде аяқталады" деп жарияланған.

Кейін АҚШ президенті бітім күшіне енгенін хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл бастаманы қолдап, өз елі барлық әскери мақсатына жеткенін, Иран тарапынан келген "қос экзистенциалды қауіп" – ядролық бағдарлама мен зымырандық әлеует жойылғанын айтты. Израиль кез келген бітімді бұзу әрекетіне "күшпен жауап беретінін" ескертті.

Ал Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Трамптың мәлімдемесін жоққа шығарды. Ол X әлеуметтік желісінде Иран шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін, бірақ Израиль де өз әрекетін 24 маусым күні таңғы 4:00-ге дейін доғару қажет екенін жазды. Арагчи Тегеранның түпкілікті шешімі кейінірек жарияланатынын айтты.

Бұған дейін, Трамптың мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Иран әскері Катардағы АҚШ-тың Әл-Удейд базасына соққы жасаған. Вашингтон бұл шабуылды АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарын жойғанына жауап ретінде "әлсіз әрекет" деп атады.

Айта кетейік, АҚШ 22 маусымға қараған түні Иран мен Израиль арасындағы 13 маусымда басталған қақтығысқа тікелей араласып, Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасаған болатын. Трамп бұл шабуыл арқылы Тегеранның уран байыту инфрақұрылымы толығымен жойылғанын мәлімдеген еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды