«Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды

Азиз Қалижан Редактор
24.06.2025, 16:56
1622
«Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды жеке мұрағаттан

Марқұмның үш баласы әкесіз қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бурятиядан шыққан танымал КВН ойыншысы Валерий Гуляев жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы жағдай Забайкалье аймағына сапар кезінде орын алған. Артында жары мен үш қызы қалды.

Бурятия мен Забайкалье арасындағы шағын сапардың суреті әлеуметтік желіге жүктелген соң бірнеше сағат ішінде үлкен трагедияға айналды. Көлік салонында түсірілген суретте — 36 жастағы Валерий Гуляев, оның жары және артқы орындықта отырған жақын досы. Бұл кадр — Валерийдің соңғы суреті болып шықты.

21 маусым кешке Валерий әйелі және досымен бірге той басқаруға Забайкальеге аттанған. Бірақ түн ішінде жолға кенеттен атып шыққан жылқыдан қашып құтыла алмаған. Көлік жануармен соқтығысқан. Қатты соққыдан Валерий сол сәтте қаза тапты. Жары ауыр жарақат алды — омыртқасы мен жамбасы сынған. Ал артқы орындықтағы досы көп жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Валерий кішкентай ауылда дүниеге келген. Жастайынан ашық мінезді, күліп жүретін, өмірге ғашық бала болған. КВН-ге студент кезінде келген. Алдымен факультет құрамасында, кейін аймақтық деңгейде өнер көрсеткен. Уақыт өте келе Премьер-лига мен Бірінші лигада чемпион атанып, Жоғарғы лигада да сахнаға шықты. Оның жарқын бейнесі федералды арналардан жиі көрінетін.

2024 жылы ол КВН сахнасымен қош айтысып, достарымен бірге жарнама өндіретін шығармашылық топ құрды. Сонымен қатар той-думандарда, түрлі шараларда жүргізуші ретінде танымал болды.

"Бәрі тамаша өтті!" — бұл оның соңғы түсірілімдерінің бірінде айтқан сөзі. Жас жұптың тойынан кейін түсірілген видеоның алдыңғы шебінде Валерийдің өзі жұбайын сүйіп тұр.

Валерийдің артында жары мен үш қызы қалды. Үлкені мектеп жасында, кенжесі әлі сәбилік шақта. Жұбайы ауыр жағдайда ауруханада, бірақ есін жиған. Қазір қыздары туған-туыстарының қолында.

«Валера — жан-дүниесі жарқын, мейірімді, қарапайым, нағыз дос болатын. Ол айналасына жарық сыйлайтын. Отбасын, балаларын, достарын ерекше жақсы көретін. Өмірінің әр сәтін жүрекпен сезініп, барын салып өмір сүрді», — дейді жақын досы Чимит Жамьянов.

Жақындары мен достары оны 26 маусым күні соңғы сапарға шығарып салмақ.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды