SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі жазушы, марқұм Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның туыстары растады. Бұл туралы Kazinform жазды.
Олардың айтуынша, Мағжан жүрек талмасынан көз жұмған. Ол 24 маусым күні Алматыдағы №7 ауруханадақайтыс болған.
Жаназа рәсімі 25 маусымда сағат 10:00-де Алматы облысы, Райымбек ауылындағы өз үйінен өтеді.
Еске салайық, Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 2024 жылдың қаңтар айында, 84 жасында дүниеден өткен еді.
RUS