957

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді

Дүкеннен келе жатқан 1948 жылғы кейуана қаза болды.

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Бостандық ауданындағы «Көктем» шағынауданында зейнеткер әйел жол апатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға үй ауласында болған. Infiniti маркалы көліктің жүргізушісі артқа жүрген кезде, 1948 жылы туған әжейді қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Куәгерлердің айтуынша, зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатқан, қолында азық-түлік болған. Жүргізуші оны байқамай қалған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор