«Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты

25.06.2025, 09:49
256
«Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Planet Labs PBC/AP

АҚШ барлау қызметі соққылар Иранның ядролық бағдарламасын тек бірнеше айға ғана кейінге шегерді деп мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы Иранның ядролық нысандарына айтарлықтай зақым келтіргенімен, оның бағдарламасы тек бірнеше айға ғана тежелген. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау басқармасының (DIA) баяндамасында айтылды.

Аталған есеп АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы мәлімдемесіне қайшы келеді. Ол ядролық нысандарға бағытталған «нақты және дәл операция» нәтижесінде Иранның бағдарламасы «толық жойылды» деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, шабуыл кезінде Фордо, Натанз және Исфахандағы нысандарға 30 000 фунттық (13 600 кг) «бункер-бустер» бомбалары тасталған.

Алайда барлау есебіне сүйенсек, негізгі зақым жер үстіндегі инфрақұрылымға келген. Ал Фордо сияқты жер астында орналасқан, аса қорғалған ядролық нысандардың ішкі жүйесі бүтін қалған. Сонымен қатар, жоғары байытылған уранның бір бөлігі соққыға дейін жасырын басқа нысандарға көшірілгені айтылып отыр. CIA-дың мәліметінше, Иранның центрифугаларының көпшілігі де зақымданбаған.

Ақ үй бұл есепті жоққа шығарды, ал оның баспасөз хатшысы Каролин Ливитт бұл ақпаратты «Трампты кемсітуге бағытталған жалған мәлімет» деп атады.

«14 үлкен бомба нысанаға дәл тиген кезде не болатынын бәрі біледі — бұл толық жойылу», – деді Ливитт.

Соған қарамастан, Трамп кейінгі мәлімдемелерінде «Иран ядролық бағдарламасын енді ешқашан қалпына келтіре алмайды» деп қайталап жүр.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да мәлімдеме жасап, олардың 12 күнге созылған әскери операциясын «тарихи жеңіс» деп бағалады.

«Біз Иранның ядролық қару жасау қаупін және 20 мың баллистикалық зымыран қауіпін жойдық», – деді ол.

Ал Иран өз кезегінде АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Тегеран өзінің «заңды құқықтарын» қорғайтынын және Израиль тарапынан кез келген келісімді бұзу әрекетіне жауап қайтаратынын ескертті.

Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)