Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді

25.06.2025, 10:31
189
Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді бейнежазбадан

Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақ шағым түсіруден бас тартқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сотталған жеті адам үкімге қарсы апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 21 маусымда шығарылған үкім заңды күшіне енген. Енді сотталушылар мен олардың қорғаушыларының үкімге шағымдануға 15 күн уақыты бар.

– Қазіргі таңда бізге белгілісі – сотталушылар Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасының барлығы апелляцияға жүгінген. Ал нақты қашан қаралатыны жақын күндері анықталады, – деді Шекеев.

Еске салайық, 5 маусымда бұл іс бойынша 9 адамға үкім шыққан болатын.
Сот шешімімен Шерзаттың өліміне басты кінәлі деп Абзал Шынасыл танылып, 23 жылға бас бостағынан айырылды. Ал Равиль Сакиев «Адам өлтіруге оқталу» фактісі бойынша 20 жылға, бұзақылық бабымен Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталды.

Сондай-ақ Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметті 7 жылға орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеуге үкім кесілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімге марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім беретінін айтқан. Оған аса ауыр қылмысты хабарламады деген айып тағылып, 1 жыл 6 ай мерзімге кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесіне жіберілді.

Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі