Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен

25.06.2025, 11:13
1244
Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен t.me/myastanacity

Бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада осы күзде іске қосылады деп жоспарланған жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің жаңа вагондарына белгісіз біреулер граффити салып кеткен. Бұл туралы Telegram желісіндегі "Астана — Что? Где? Когда?" арнасы хабарлады. Арна боялған вагондардың суреттерін де жариялаған.

Оқиғаға қатысты "Қалалық көлік жүйелері" (CTS) компаниясы түсініктеме берді. Олар вандализм фактісін растады және бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарланғанын айтты.

"Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, вагондар арнайы қорғаныс қабатымен қапталған, сондықтан бояу негізгі жабынға сіңіп кетпейді", – деді CTS өкілдері.

Қазіргі уақытта граффитиді тазалау жұмыстары басталып кеткен. Компания шығын көлемін нақтыламады, алайда вагондарға зиян аз тигенін хабарлады.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді