Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді

25.06.2025, 11:50
265
Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Evan Vucci / AP

Трамп екі жаққа бітім режимін бұзғаны үшін ренжіп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранды бітім режимін бұзғаны үшін ашық сынға алды. Ол жағдайға эмоциялық реакция білдіріп, бейәдеп сөз қолдануға дейін барған.

Ақ үй басшысы екі ел арасындағы шабуыл алмасуға қатысты пікір білдіріп, мұндай әрекеттер бітімге қауіп төндіретінін айтты. Оның айтуынша, тараптар келісімге келіп үлгерген кезде де атыс тоқтатылмаған: Израиль зымыранмен атқыланғанын айтып, жауап ретінде "символдық" шабуыл жасаған.

"Бізде бір-бірімен осыншалықты ұзақ әрі жойғын соғысқан екі ел бар. Енді олар не істеп жатқандарын, сайтан алғыр, өздері де түсінбейді", – деді Трамп.

Ол әсіресе Израиль басшылығына қарата "масштабты эскалация болуы мүмкін" деп ескертті.

Кейін Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен. Израиль тарабы Иранға қарсы әскери операция сәтті аяқталғанын, ядролық және зымыран қауіптерінің жойылғанын мәлімдеген.

АҚШ, өз кезегінде, Иранның үш ядролық нысанын бомбалаған. Бұл операция үшін Жерорта теңізіне "Джеральд Форд" атты авианосец бастаған соғыс кемелері жөнелтілген.


Сурет: 24 маусымда Иран зымыран шабуылынан кейін Беэр-Шева қаласындағы қираған үйлер. AP Photo

Ал Тегеран ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатта екенін мәлімдеп келеді. Дегенмен, 13 маусымда Израиль МАГАТЭ есебінен кейін Иран нысандарын атқылай бастаған. Ұйым Иранның ядролық қаруды таратпау туралы міндеттемелерін бұзғанын айтқан болатын.

Израиль шабуылдарын "экзистенциалды қауіпке жауап" деп атады. 11 күндік қақтығыс кезінде Иран Израиль аумағына зымырандар мен дрондар жіберіп отырған.


Спутниктік сурет (Maxar Technologies) – Фордо уран байыту зауытындағы жарылыс іздері

АҚШ тарапы Иран ядролық бағдарламасының толық жойылғанын алға тартса да, әзірге бұл жайында тәуелсіз растау жоқ. Иран өз кезегінде шабуылдар басталмай тұрып кейбір материалдар мен құралдарды басқа орындарға көшіргенін айтқан. Дегенмен Израиль шабуылдарында кемінде 10 ядролық физиктің көз жұмғаны хабарланды.

Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі