Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО)

25.06.2025, 12:32
1587
Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Ербаян Мұхтар Түркияда ота жасатып, қазір оңалу үстінде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әскери борышын өтеп жүргенде ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтардың Түркиядан елге оралғанына 4,5 ай болды. Қазір ол оңалудың бел ортасында. Оның қазіргі жағдайы туралы жеке массажисі айтып берді.

Маманның айтуынша, соңғы бірнеше айда Ербаян айтарлықтай алға жылжыған. Арқасын тік ұстауды үйреніп, өздігінен тік тұрып, мойын бұлшықеттерін басқаруға қабілетті бола бастаған. Сол қолы мен аяғында қимыл реакциясы пайда болған. Сонымен қатар салмақ қосып, енді тағамды арнайы зондсыз, ауыз арқылы қабылдайды.

«7,5 ай ішінде бұл – үлкен жетістік. Емделу баяу жүріп жатыр, бірақ тұрақты. Мұндай жағдайда ең маңыздысы – үміт пен табандылық», – деді массажист.

Оның айтуынша, екінші кезеңдегі емін жалғастыру үшін Ербаян тағы да Ыстанбұлға аттанады. Массажист жігіттің толық сауығып кететініне сенімді.

Еске салайық, 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Ербаян Мұхтарды құқық қорғаушылар мен бейжай қалмаған азаматтардың көмегімен Түркияға емделуге жіберген болатын.

Бұған дейін Ербаянның отбасының адвокаты – Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүргенде комаға түсіп, мүгедек болып қалған сарбаздың Астанадағы нейрохирургия орталығына жеткізілгенін хабарлаған. Кейін ата-анасы оны Германияға апарғысы келген.

Айта кетейік, 22 жастағы Ербаян Мұхтар жарты жылдық әскери қызметінен кейін кенет комаға түсіп қалған. Ресми мәліметке сәйкес, ол әжетханада құлап, басын соққан. Бірақ отбасы бұған күмән келтіреді, себебі қарапайым құлаудан мидың ісінуі, бассүйектің сынуы және маңдай-шеке аймағындағы ауыр қан құйылу сияқты жарақаттар болмауы тиіс еді.

Қазір Ербаянның жағдайы мен бұл оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды