Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды

25.06.2025, 13:04
209
Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды РИА Новости / Алексей Никольский

Шетелге қашқан агенттер енді жазасыз қалмайды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин шетелдік агенттерге (иноагент) қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды. Енді бұл талаптар тек Ресей аумағында ғана емес, елден тыс жерде жүргендерге де қолданылады.

Ресей президенті Владимир Путин шетелдік агенттерге (иноагент) қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды. Енді бұл талаптар тек Ресей аумағында ғана емес, елден тыс жерде жүргендерге де қолданылады.

24 маусым күні қабылданған жаңа заңға сәйкес, Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне (ҚӘК) түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, ҚӘК-тің 19.4-бабына енгізілген жаңа бөлімде шетелдік агенттер туралы заң талаптарын орындамағаны үшін айыппұлдар қарастырылған.

Жеке тұлғаларға — 30-дан 50 мың рубльге дейін,

Лауазымды адамдарға — 100-ден 300 мың рубльге дейін,

Заңды тұлғаларға — 300-ден 500 мың рубльге дейін айыппұл салынады.

Мемлекеттік думадағы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Василий Пискарёв бұл өзгерістер әділет министрлігінің шетелдік агенттерден заң бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын орындамағандарға қатысты екенін айтты. Оның сөзінше, тек "иноагент" белгісін қоймау ғана емес, оны ресми бекітілген форматтан өзгеше көрсету де жазаға себеп болады.

«Ешкім шетелге кетті екенмін деп жазадан құтылып кете алмаймын деп ойламауы керек», – деді Пискарёв.

17 маусымда Мемдума "шетелдік агенттерге" қатысты бақылауды күшейтіп, олардың шетелде жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтары үшін де жауапқа тартуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдаған болатын.

Пискарёвтің айтуынша, қазіргі уақытта ресейлік "иноагенттердің" шамамен 40 пайызы елден кеткен. Сондықтан билік оларды шетелде жүрсе де жазалауды көздеп отыр.

Ресей Әділет министрлігінің "иноагенттер" тізімінде 1000-нан астам ұйым мен азамат бар. "Медиазона" басылымының мәліметі бойынша, соңғы бір жылда осы тізімдегілердің кемінде 342-сі әкімшілік жазаға тартылған.

2025 жылдың сәуірінде Мемдума тағы бір заң қабылдады: енді шетелдік ұйымдар мен шетелдік билік органдарының шешімдерін қолдайтын кез келген адам Ресейде "иноагент" ретінде танылуы мүмкін. Бұл – халықаралық ұйымдарға, әсіресе Ресей мүше емес құрылымдарға қатысты.

Сонымен қатар, жаңа заң бойынша, Ресейдің әскери-техникалық саласына қатысты ақпарат жинап, тарататын кез келген адам да "иноагент" деп танылуы мүмкін.

Бастапқыда, 2012 жылы қабылданған заң шетелден қаржыландыратын үкіметтік емес ұйымдарға қатысты болған еді. Кейіннен бұл тізімге журналистер, саясаткерлер, құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері де ене бастады. Ал Украинадағы соғыс басталғаннан кейін "иноагенттер" қатарына тіпті Далай-ламаның өкілі мен "Азаптауларға қарсы күрес тобы" сияқты ұйым өкілдері де кірді.

Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі