Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр
Қазгидромет алдағы айда құрғақшылық болады деп ескертті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың шілде айында Қазақстанның бірнеше облысында бірқалыпты құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктер болжамынша, құрғақшылық қамтитын аумақтар кеңеймек.
Құрғақшылық күтілетін өңірлер мен аудандар:
Батыс Қазақстан облысы – Жәнібек, Сырым, Қаратөбе
Атырау облысы – Махамбет, Мақат, Исатай, Қызылқоға
Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия
Ақтөбе облысы – Шалқар, Ойыл
Қостанай облысы – Амангелді, Жангелді
Қарағанды облысы – Ақтоғай, Қарқаралы, Шет
Абай облысы – Аягөз, Жарма, Үржар
Алматы облысы – Балқаш, Жамбыл
Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігі
Қалған аймақтарда ылғал деңгейі климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде.
Материал авторы