Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады

Азиз Қалижан Редактор
25.06.2025, 13:57
190
Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады AP Photo/ Kin Cheung

Ұлыбритания алғаш рет соғысқа дайындалуға үндеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания билігі алғаш рет ел аумағында соғыс қаупін ашық мойындап, азаматтарын және мемлекеттік құрылымдарды ықтимал әскери қақтығысқа дайындалуға шақырды. Бұл туралы 24 маусымда жарияланған Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жаңа нұсқасында айтылған.

Құжатта қазіргі геосаяси ахуал «драмалық өзгерістер кезеңі» деп сипатталып, басты қауіп көздері ретінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысы, Мәскеудің аумақтық амбициялары, заңсыз көші-қонның гибрид соғыс құралына айналуы, Таяу Шығыс пен Индо-Тынық мұхиты аймағындағы қақтығыстар және кибершабуылдар аталды.

«Бірінші рет біз Ұлыбритания аумағына тікелей қауіп төну мүмкіндігіне белсенді түрде дайындалуымыз керек», – делінген құжатта.

Құжатта автоматтандырылған логистикалық жүйелер мен энергетика саласы ықтимал шабуыл нысанасы болуы мүмкін екені ескертіледі.

Стратегияда Ресейдің Украинадағы соғыспен қатар, НАТО елдеріне, соның ішінде Ұлыбританияға қарсы кибершабуылдар мен диверсиялар ұйымдастырғаны айтылған. Сонымен қатар, Мәскеудің ядролық риторикасы Киевке қолдау білдіріп отырған мемлекеттерді қорқытуға бағытталғаны баса көрсетілген.

Иран да "Ұлыбритания аумағындағы дұшпандық әрекеттермен" айыпталып отыр. Тегеран режимінің сыншыларына қысым жасау әрекеттері, тікелей қауіптер және режим оппоненттерін тұншықтыруға тырысқаны құжатта нақты көрсетілген.

Қытай да назардан тыс қалмады

Лондон Бейжіңнің Украинаға басып кіру кезінде Путинге әскери-техникалық қолдау көрсеткенін және Қытайдың өз әскери жүйесін қарқынды жаңғыртып жатқанын атап өтті. Ұлыбритания болашақта ҚХР-мен қарым-қатынаста "сенімділік пен тұрақтылық" қағидатына сүйенетінін айтты.

Азаматтық төзімділік пен киберқауіпсіздік күшейтіледі

Британ үкіметі ел ішінде азаматтарды төтенше жағдайларға дайындайтын арнайы жаттығулар өткізуді, бизнес пен ғылыми орта өкілдерімен бірлесе отырып, киберқауіпсіздік жүйесін жетілдіруді және интернеттегі заңсыз контенттің таралуын тоқтатуды көздеп отыр. Сондай-ақ, Ұлыбритания өзге елдермен бірлескен оқу-жаттығуларын күшейтпек — тек әскери емес, сонымен қатар пандемия сынды дағдарыс жағдайларына дайындық сценарийлерін де қамтиды.

Қорғанысқа бөлінетін қаражат артып, АҚШ-тан ядролық ұшақтар сатып алынады

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жарияланардан бір күн бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер НАТО саммитінде сөйлеген сөзінде 2035 жылға қарай елдің қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл — АҚШ тарапынан айтылған сыни пікірлер мен Трамптың НАТО-дағы Ұлыбританияның рөлін шектеу туралы мәлімдемелеріне жауап ретінде қарастырылып отыр.

Сондай-ақ Лондон Вашингтоннан кемінде 12 F-35A үлгісіндегі жойғыш ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар ядролық қару — B61 термоядролық бомбаларын тасымалдауға қабілетті. Қазіргі уақытта Ұлыбританияның ядролық әлеуеті тек сүңгуір қайықтармен шектеледі. Жаңа ұшақтар мен бомбалар сатып алу арқылы Ұлыбритания ядролық тосқауыл жүйесін кеңейтпек.

"Қазіргі әлемде тұрақтылықты бұрынғыдай бірқалыпты деп қарауға болмайды. Сондықтан біздің үкімет ұлттық қауіпсіздікке инвестиция салуды таңдады", — деді премьер Стармер.

Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі