Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады

25.06.2025, 14:30
1118
Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады SMARTNEWS.KZ коллажы

Мобильді аударымдарға қатысты өзгерістер пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаҚазақстанда 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа тексеру тәртібі күшіне енеді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың мәлімдеуінше, үш ай ішінде бір адамға 100 түрлі адамнан 1 миллион теңгеден астам ақша түссе, салық органдары тексеріс жүргізе алады.

Бұл өзгерістер Мәжілісте қабылданған Салық кодексіне енгізілген түзетулерден кейін жүзеге асырылады. Жаңа нормалар заң күшіне енгеннен кейін 60 күн ішінде іске қосылады.

Біржановтың айтуынша, аталған тәртіп туыстар арасындағы қаржылық аударымдарға қолданылмайды. «Мысалы, анасы қызына немесе ағасы інісіне ақша жіберсе – ешқандай мәселе туындамайды, тіпті сома бірнеше миллион болса да. Ең бастысы – барлық критерийлер бір уақытта орындалуы керек», – деді вице-министр.

Тексеру үш шартқа негізделеді:

  1. Аударымдар 100 түрлі адамнан келуі тиіс;

  2. Бұл ақша үш ай қатарынан түсуі керек;

  3. Жалпы сома 1 миллион теңгеден (яғни, 2025 жылға белгіленген 12 ең төменгі жалақы – 1 020 000 теңге) асуы қажет.

Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, тек жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар ескеріледі. Ал банкомат арқылы шот толтыру, депозиттен ақша шешу, жалақы және әлеуметтік төлемдер бұл тізімге кірмейді.

Бастапқыда мобильді аударымдарға арналған шектеу 255 мың теңге көлемінде болуы ұсынылған, алайда бұл шек Ұлттық банк пен банктердің араласуымен айтарлықтай ұлғайтылды.

Жаңа талаптар кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтар үшін енгізіліп отыр. Егер олардың шотына жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қаражат түссе, салық органдары оның нақты қайдан келгенін тексере бастайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды