Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты

25.06.2025, 15:12
847
Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты AP Photo / Vahid Salemi

Енді агенттік инспекторларына Иранға кіруге тыйым салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран парламенті Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты уақытша тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжатқа сәйкес, МАГАТЭ инспекторларына елге кіруге тыйым салынады.

Иран парламенті Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты уақытша тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжатқа сәйкес, МАГАТЭ инспекторларына елге кіруге тыйым салынады.

25 маусым күні Тегерандағы мәжіліс (бірпалаталы парламент) аталған заң жобасын қабылдады. IRIB мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, 223 депутаттың 221-і бастаманы қолдаған. Заң Иран үкіметіне МАГАТЭ-мен барлық ынтымақтастықты тоқтатып, ұйым мамандарына ел аумағына кіруге тыйым салуға міндеттейді. Парламент өкілі Алиреза Салимидің айтуынша, тек ядролық нысандар мен бейбіт ядролық қызметтердің қауіпсіздігі толық кепілдендірілген жағдайда ғана инспекцияға рұқсат берілуі мүмкін.

Құжаттың толық күшіне енуі үшін оны Конституцияны қадағалау кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бекітуі тиіс. Бұған дейін парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф бұл шараны МАГАТЭ-нің «саясиланған ұстанымымен» түсіндірген еді. Ол агенттікті міндеттемелерін орындамады және оны «саяси құралға» айналды деп айыптады.

Ядролық бағдарламаға қатысты шиеленіс

МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси бұған дейін Ираннан байытылған уран қорларын тексеру үшін ядролық нысандарға толық қолжетімділік беруді талап еткен. Оның айтуынша, Израиль Иранға соғыс жариялаған күні Тегеран МАГАТЭ-ге арнайы қорғаныс шаралары қабылданғанын хабарлаған. Спутниктік суреттерге сүйенсек, Иранның Фордо қаласындағы ядролық объектілердің бірінде жарылыстан кейін пайда болған кратерлер байқалған. Гроссидің айтуынша, бұл өте күрделі зақым келу мүмкіндігін көрсетеді, алайда нақты көлемін анықтау әзірге мүмкін емес.

13 маусымда Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Тель-Авив мұны Иранның «ілгері жылжыған ядролық бағдарламасын тоқтату үшін» жасалған қадам деп түсіндірді. 22 маусымға қараған түні АҚШ әскери күштері Ирандағы Фордо, Натанс және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарға әуеден соққы жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл үш негізгі ядролық орталықтың толықтай жойылғанын мәлімдеді.

Иран тарапы әуе шабуылына дейін бұл нысандардан барлық байытылған уран қорларының эвакуацияланғанын хабарлады. Ирандық шенеунік Хасан Абедини бұл шаралар ел азаматтарының радиациядан зардап шекпеуі үшін жасалғанын айтты. 24 маусымда Тегеран ядролық бағдарламаны жалғастыруға мүмкіндігі толық сақталғанын мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды