Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті

25.06.2025, 17:53
974
Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті Mizan / Mohsen Rahimi

Тыңшы Израиль барлауына құпия мәліметтер беріп отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранда Израиль барлау қызметі «Моссадпен» байланысы бар деп айыпталған үш адамға қатысты өлім жазасы орындалды. Қауіпсіздік органдарының мәліметінше, олар 25 маусым күні Урмия қаласындағы түрмеде дарға асылған. Бұл туралы Fars агенттігі ресми дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді.

Тергеу мәліметі бойынша, олар Иранға террористік әрекеттер жасауға арналған жабдықты заңсыз алып өтпек болған. Жүктерді алкоголь өнімі ретінде жасырып тасымалдаған — бұл елде қатаң тыйым салынған. Айыптау қорытындысында бұл әрекет ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға бағытталғаны айтылған.

Бұған дейін, 22 маусымда, Иранда тағы бір азаматтың өлім жазасы орындалған. Оған Израиль барлауына құпия мәліметтер берген деген айып тағылған. Nour News мәліметінше, ол «Моссад» агентіне жүйелі түрде есеп беріп отырған және ел ішіндегі адамдар мен жасырын әрекеттер жайлы ақпарат жеткізген.

Сондай-ақ, жақында Иран құқық қорғау органдары Тегеран маңындағы Рэй қаласында бірнеше терактінің алдын алғанын мәлімдеген. Mehr агенттігінің дерегінше, шабуыл ұйымдастырмақ болған топтың «Моссадпен» байланысы болуы мүмкін. Арнайы қызметтің жедел әрекеттерінің арқасында қауіптің барлығы дер кезінде жойылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды