«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
25.06.2025, 19:20
1546
«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актрисаның өмірінде жаңа кезең басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өз баспанасына қол жеткізіп, жаңа өмір парағын ашты. Бұл туралы актрисамен жұмыс істеп жатқан интерьер дизайнері хабарлады.

Жұлдыз жақында жеке пәтер сатып алғанын мәлімдеген болатын. Қазір ол үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дизайнердің айтуынша, жоба өте қысқа мерзімде жүзеге асып жатыр — қабырғалар бұзылып, коммуникациялар тартылып, жаңа бөлмелердің іргетасы қаланып жатыр. Интерьер минимализм стилінде, жылы әрі экологиялық ноталармен безендіріледі.

«Мен бұл интерьерді тек Жұлдыз үшін емес, оның өміріндегі жаңа адам үшін де жасап жатырмын. Бұл — жай ғана интерьер емес, бұл – жаңа оқиғаның бейнесі», — дейді дизайнер.

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыздың өзі ең кіші ұлы Ханмен болған сәтті ерекше тебіреніспен бөлісті. Instagram парақшасындағы сторисінде ол үлкен ұл-қыздары дизайнермен болашақ бөлмелерін талқылап жатқанда, Хан үнсіз отырғанын айтты. Анасы себебін сұрағанда, баланың жауабы бәрінің жүрегін елжіретті:

«Анашым! Неге олар дизайн таңдап жатыр? Маңыздысы бұл емес қой! Маған ең бастысы – енді бұл біздің өз үйіміз. Енді сіз пәтер ақысын төлеу үшін көп жұмыс істемейсіз. Енді сіз үнемі қасымызда боласыз... Үй үшін рақмет, анашым».

Бұл сөздер тек Жұлдыздың өзін ғана емес, әлеуметтік желі қолданушыларын да толқытты.

Қазіргі таңда пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, Әбдукәрімова отбасында бесінші сәбиді күтіп жүргенін де хабарлады. Бұл туралы ол 4 маусымда жариялады. Актрисаның айтуынша, жүктілігі оған қиындықтарды еңсеруге көмектескен.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын айтқан еді. Оның сөзінше, бір компанияның басшылары мен олардың туыстары Жұлдыздың сеніміне кіріп, пәтерін элиталық коттеджге айырбастауға уәде берген. Алайда 2022 жылдан бері бұл мәміле жүзеге аспай, ол мүліктен айырылып қалған.

Алғашқы сот шешімі актрисаның пайдасына шешілмегенімен, ол Жоғарғы сотқа жүгінбек болып, тіпті ІІМ-ге қабылдауға жазылатынын және істі БАҚ арқылы жариялайтынын айтқан. Ақыры Жұлдыз пәтер үшін жұмсаған қаржысын қайтарып алған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)