Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті

26.06.2025, 09:49
584
Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында республикалық форум ұйымдастырылды.

Іс-шараға қала және аудан әкімдері, түрлі сала жетекшілері, білім, медицина, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері, белсенді жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Форумда аймақ басшысы қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерге тоқталып, болашаққа бағытталған бірлескен бастамалардың маңызын атап өтті. Ол цифрлық шешімдердің жедел дамуы жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғау, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру – тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Заң мен тәртіп үстемдігі – әділетті әрі қауіпсіз қоғамның іргетасы» екенін баса айтқан болатын. Осыған орай, биыл Үкімет «2025–2030 жылдарға арналған Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын» бекітті. Аталған құжат аясында нақты міндеттер белгіленіп, өңірлерде кешенді жұмыс жүргізілуде.

Қызылорда облысында бұл бастамалар Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесе отырып жүзеге асырылып келеді. Жаңа бастамалар әрдайым қолдау тауып отыр.

Форум барысында алаяқтық, интернет-қылмыстар, қаржылық пирамидалар, құмар ойындарға тәуелділік, кибершабуылдар мен гаджеттер арқылы жасалатын заманауи қылмыстардың артуы – қоғамға төнетін жаңа қауіптердің бірі ретінде аталды. Бұл тек жеке адамның мәселесі емес, тұтас ұрпаққа әсер ететін құбылыс екені ескертілді.

Қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту үшін қала мен аудандарда құқық қорғау саласының өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен тұрақты кездесулер өтуде. Бұл – халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, әділетті қоғам құруға жол ашады.

Елімізде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы заң қабылданып, психологиялық және рухани көмек көрсету бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Жастарға тек адал еңбектің ғана береке әкелетінін ұғындыру – басты мақсат.

Форум барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев:

«Бүгін айтылған тың идеялар мен бастамалар жүйелі іске асып, нақты нәтижелерге жетеді деп сенемін. Форумға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті.

Іс-шарада Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары мен орынбасарлары, дін және өнер өкілдері сөз сөйлеп, қаржылық сауаттылықтың артуы және лудоманияның зияны туралы кеңінен баяндама жасады. Форум соңында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды