Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26.06.2025, 09:10
707
Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды РИА "Новости"

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 26 маусымда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 26 маусымда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 26 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда 26 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Ұлытау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 маусымда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 26 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 26 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде де найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

26-27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 26 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 маусымда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді