Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты

26.06.2025, 10:30
294
Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Валерий Шарифулин/ТАСС

Бірақ Путин жаңа соғыс бастағысы да келеді екен…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Тбилисиде өткен НАТО саммитінен кейінгі баспасөз конференциясында Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинадағы соғыстан шаршағанын, алайда оның басқа да аумақтарға көз тігуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Гаагада өткен НАТО саммитінің қорытындысы бойынша сөйлеген Трамп:

«Меніңше, Путин бүкіл осы жағдайдан шығуды қалайды», – деп атап өтті. Оның айтуынша, Путин Украинаға қарсы басқыншылықты тоқтатқысы келуі мүмкін.

Ақ үйдің тілшісі Джон Декер Трамптан Путиннің Украинадан бөлек басқа елдерге де аумақтық талаптары болуы мүмкін бе деп сұрады. Президент:

«Бұл мүмкін», – деп қысқа жауап берді. Бірақ ол нақты қай елдер туралы айтып отырғанын ашып айтпады. Сонымен қатар, Трамп Путиннің өзі де «басы қатып жүргенін» атап өтті.

Трамптың айтуынша, ол Мәскеумен тұрақты байланыста отыр. Жақында Путин Таяу Шығыстағы дағдарысты реттеуге көмектесуді ұсынған, алайда Трамп:

«Алдымен өз мәселелеріңді шешіп ал», – деп жауап бергенін айтты.

АҚШ президенті бұған дейін де бірнеше рет 2022 жылы билікте болғанда Украинадағы соғыс мүлдем болмас еді деп мәлімдеген. Ол өзінің атына айналған «соғысты бір күнде тоқтатамын» деген сөзі жайлы да пікір білдіріп, бұл тек сарказм болғанын, ал шынайы келіссөздер әлдеқайда күрделі екенін айтты.

«Путин одан да күрделі», – деп қосты ол.

Украина президенті Владимир Зеленскиймен Гаага саммитінің алаңында кездескенін де айтты. Оның айтуынша, бұл – «жақсы кездесу» болған. Украиналық БАҚ дерегінше, кездесу 50 минутқа созылып, жабық есік жағдайында өткен.

Зеленский бұл кездесуді «мәнді» деп бағалап, онда соғысты тоқтату және шынайы бейбітшілікке қол жеткізу жолдары талқыланғанын айтты.

Сонымен қатар, Трамп Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған оқ-дәрілер беру мәселесін жоққа шығармады. "Радио Свобода" Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Трамп НАТО одақтастарына:

«Украинадағы жағдай мүлдем бақылаудан шығып кетті, нақты әрекеттер қажет», – деген.

Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)