«Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды

26.06.2025, 11:50
283
«Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды AP Photo/Matthias Schrader

Альянс елдері жаңа қаржылық шекке келісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гаагада өткен НАТО саммитінің басты нәтижесі – қорғаныс пен қауіпсіздікке жыл сайын ЖІӨ-нің кемінде 5%-ын бөлу туралы келісім. Бұл бастамаға АҚШ және президент Дональд Трамп ерекше ықпал етті.

Саммиттің қорытынды коммюникесі әдеттегіден қысқа – бар болғаны бес абзацтан өтті. Алайда негізгі мазмұны нақты: Альянс елдері алдағы 10 жылда қорғаныс саласын қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайтуға келісті. Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген.

Трамп: "Путин не істеп жатқанын өзі де түсінбей отыр"

Журналистердің сұрағына жауап берген АҚШ президенті Трамп Ресей мен Украина арасындағы бітімге қатысты келіссөздер күткеннен де күрделі болып шыққанын айтты. Оның сөзінше, Мәскеу Украинадан бөлек те жаңа аумақтарға көз тіккен болуы мүмкін.

Сондай-ақ Трамп НАТО басшысы Марк Рюттенің жеке хатын жариялады. Сарапшылар Рюттенің әрекетінен қандай да бір алаңдаушылық байқалмағанын атап өтті.

Зеленский Украинаға көбірек көмек сұрады

Гаага саммиті аясында Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жеке кездесті. Екі тарап та жабық есік артындағы диалогқа риза екенін мәлімдеді. Трамп Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған оқ-дәрілерді Украинаға жеткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Трамп НАТО әріптестерімен кездесуде:

"Украинадағы жағдай бақылаудан шықты, дереу әрекет қажет" деген.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың НАТО-дағы әріптестерімен бірге болатынын, ұжымдық қорғанысқа қатысты одақ жарғысының 5-бабын қолдайтынын айтты. Бұған дейін Трамп бұл тармақты "әртүрлі түсінуге болады" деген еді.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді