АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды!

26.06.2025, 13:05
191
АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! Handout/Planet Labs PBC/AFP

АҚШ Орталық барлау басқармасы Иран ядролық қаруларынан айырылды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) Ирандағы бірнеше ядролық нысан толықтай жойылғанын айтты. Бұл туралы ОББ басшысы Джон Рэтклифф 25 маусым күні арнайы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, бұл ақпарат "тарихи тұрғыдан сенімді әрі дәлелді барлау көзіне" сүйене отырып беріліп отыр.

"Ядролық объектілердің бір бөлігін қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады", – делінген құжатта.

ОББ қазіргі уақытта қосымша мәліметтер жинап, шешім қабылдайтын лауазым иелерін хабардар етіп отырғанын айтты.

Алайда, дәл осы күні CNN арнасы мен The New York Times газеті АҚШ әскери барлауына сілтеме жасай отырып, басқа мәлімет жариялады. Олар:

– ядролық бағдарламаның негізгі элементтері сақталып қалғанын,
байытылған уран жойылмағанын,
центрифугалар көп жағдайда жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Бір дереккөздің айтуынша, Иран АҚШ соққысына дейін уран қорларын қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген.

Бірақ Ақ үй бұл болжамдармен келіспейтінін мәлімдеді. Президент Дональд Трамп өзінің Truth Social парақшасында CNN мен The New York Times-ты "жалған ақпарат таратып, тарихи маңызды әскери операцияны төмендетуге тырысып жатыр" деп айыптады.

“Бұл – тарихтағы ең сәтті әскери соққылардың бірі. Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды!” – деп жазды Трамп.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді