1065

Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды

Ресейден Қазақстанға шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді.

Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бірлесіп жүргізген тексеру кезінде Ресейдің Белгород облысынан Алматы қаласына бет алған DAF жүк көлігі тоқтатылды.

Тексеру нәтижесінде 5 тонна шошқа еті ешқандай ветеринариялық құжатсыз тасымалданғаны анықталды. Заң бұзушылықтың анықталуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды, ал жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 406-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы аумағындағы бақылау бекеттерінде жыл басынан бері 129 заңбұзушылық тіркелген. Соның нәтижесінде:

129 автокөлік ел аумағынан шығарылды;

76 адамға әкімшілік хаттама рәсімделді;

6,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Министрлік шекара арқылы жануарлар мен жануар тектес өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ескертеді. Бұл талаптар ел аумағына қауіпті аурулардың кіруіне жол бермеу үшін енгізілген.

Материал авторы