SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың жары, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы некесі жайлы алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол бұл жайында Баянның үлкен қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында айтып берді.
Тұрсын Алагөзовтің айтуынша, бірінші әйелімен 27 жыл отасқан. Ажырасу оңай болмаған:
“Маған ол кезде 46 не 47 жаста едім. Біз бірге үш онжылдыққа жуық өмір сүрдік. Бұл жай ғана уақыт емес — бұл тұтас бір өмір. Мен кетіп бара жатқанымды түсіндім. Бірақ мұны айқай-шусыз, мүлікке таласпай, таза кеткім келді”, – деді ол.
Кәсіпкер бизнес бөлісі кезінде компанияның жартысын бұрынғы жарына қалдырып, өзі тек киім-кешекпен ғана кеткенін айтады:
“Маған бұл бір жағынан “өтеу” сияқты көрінді. Қорыққаннан емес, ешкімге қарыз болып кеткім келмеді. Абыроймен кеткім келді”, – дейді Тұрсын.
Алайда, арада біраз уақыт өткен соң күтпеген жағдайға тап болған. Бұрынғы жары заңгерлік білімін пайдаланып, үлесін ажырасу аясында емес, "сыйға беру" ретінде рәсімдеуді ұсынған. Заңды терең білмеген Тұрсын ұсынысты қабылдап, құжатқа қол қойған.
“Мен бұл ажырасудың бір бөлігі деп ойладым. Барлығын дұрыс жасап жатырмын деп сендім. Кейін ол: "Сен үлесіңді сыйға тарттың. Ал енді қалғанын заңмен бөлісеміз", – деді. Бұл мүлде басқа оқиғаға айналды”, – деп түсіндірді кәсіпкер.
Сұхбат барысында Тұрсын Алагөзов балаларының да тегін ауыстырғанын айтты. Бұл да бұрынғы жарының бастамасымен болған.
Еске салсақ, Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзова 2017 жылы шаңырақ көтерген.