Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды

26.06.2025, 14:30
228
Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды Vladimir Voronin/AP/dpa/picture-alliance

Қырғызстанда қырғыз тілінің мәртебесі артып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда қырғыз тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған жаңа заң қабылданды. Енді елдегі телеарна мен радио хабарларының кемінде 60 пайызы қырғыз тілінде тарауы тиіс. Бұл туралы 25 маусымда AFP агенттігі хабарлады.

Парламент спикері Нұрланбек Тұрғұнбекулу заңның маңызын былай түсіндірді:

"Егер қырғыз тіліне осылай бейжай қарай берсек, жақын жылдары ұлт ретінде жойылып кетуіміз мүмкін".

Жаңа заңда көзделген басты өзгерістер:

Теле және радио хабарларының кемі 60%-ы қырғыз тілінде болуға тиіс;

Елдімекендердің атаулары қырғыз тілінде жазылуы қажет;

Жарнама мәтіндеріндегі қырғызша жазудың шрифті орысшадан үлкен болуы міндетті;

Мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде судьялар мен прокурорларға, қырғыз тілін білу міндеттеледі.

AFP дерегінше, Қырғызстанда қырғыз және орыс тілдері ресми мәртебеге ие. Алайда елдегі 7 миллион халықтың 80 пайызы орысша еркін сөйлейді, күнделікті тұрмыста да кеңінен қолданады.

Агенттік бұл қадамды Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығынан кейін ұлттық тіл мен мәдениетті қорғауға ден қойған бесінші постсоветтік ел ретінде сипаттайды.

Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті