1105

Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды

Қызылордада дәрігерлер жазаға ілікті.

Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек құрсағындағы 5 айлық сәбиінен айырылған соң шағым түсірген. Осы оқиғаға байланысты екі дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне сөгіс жарияланған.

Бас дәрігерлік тарапынан жас ананың емделу процесінде хаттамаға сай көмек көрсетілгені айтылып отыр. Аурухана өкілдері ота медициналық талапқа сәйкес жасалды деп мәлімдеген.

Алайда емдеу құжаттарын рәсімдеуде қателік кеткені анықталған, сондықтан жауапты дәрігерлер жазаланған. Келіншек пен қоғам тарапынан бұл жағдай үлкен резонанс туғызды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор