Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады

26.06.2025, 18:49
376
Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Russisches Verteidigungsministerium/AP/picture alliance

Солтүстік Корея Ресейге Украинадағы соғысқа қатысу үшін жаппай әскер жіберіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея шілде немесе тамыз айында Ресейге қосымша әскерін жөнелтеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі мәлімдеді.

Оңтүстік Корея парламентіндегі жабық тыңдауда Ұлттық барлау қызметі (NIS) Солтүстік Кореяның Ресейге Украинадағы соғысқа қатысу үшін тағы да әскери күш жіберетіні туралы ақпарат ұсынды. Барлау мәліметінше, бұл әскери көмек шілде немесе тамыз айларында жүзеге асуы мүмкін.

Бұған дейін Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу ресейлік БАҚ-қа берген мәлімдемесінде Пхеньян Курск облысына 5000 әскери құрылысшы мен 1000 сапер (инженерлік әскер өкілдері) жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. "КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ын Ресейге 1000 сапер мен 5000 әскери құрылысшы жіберу туралы шешім қабылдады", – деп мәлімдеді Шойгу 17 маусымда Солтүстік Кореядан оралған соң.

КХДР — Мәскеудің Украинадағы агрессиясындағы тікелей серіктесі

Солтүстік Корея ресми түрде Ресейдің Украинаға қарсы соғысына көмек көрсетіп отырғанын алғаш рет Ресей Бас штаб басшысы Валерий Герасимов сәуір айының соңында мойындады. Ол Курск облысындағы ұрыс қимылдарына КХДР әскери қызметкерлері қатысқанын растады. Бұл ақпарат бұған дейін Оңтүстік Корея мен Батыс барлау қызметтері тарапынан айтылып келген еді.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, NIS Солтүстік Кореяның Ресейге 10 миллионнан астам артиллериялық снаряд, зымыран және алыс қашықтықтағы соғыс техникаларын бергенін де хабарлаған. Мұның есесіне Пхеньян Мәскеуден экономикалық және техникалық көмек алған.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды