557

Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранып, жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ГАЗель өртке оранып, жүргізуші көз жұмды
Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ

«20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында «ГАЗель» көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ГАЗель» көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.