Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті

Аиса Махамбет Редактор
28.06.2025, 17:17
306
Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті Ақтөбе облысы тұрғындарынан

Хромтауда атасы мен немересі көлік ішінде қалып, суға батып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында жол талғамайтын аумақпен жүргенде жоғалып кеткен атасы мен немересін іздестіру аяқталды. Екеуінің денесі су астынан табылған көліктің ішінен табылды.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні 65 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересі жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Олар Toyota Hilux көлігімен Құдықсай ауылынан Бозжыр аймағына бет алған, алайда үйлеріне оралмаған.

Келесі күні құтқарушылар мен сүңгуірлер қатысқан ауқымды іздестіру жұмыстары басталды.

— 26 маусым күні сағат 19:30 шамасында Құдықсай ауылы маңындағы Ой өзенінің арнасын тексеру барысында су астындағы көлік анықталды. 2,5 метр тереңдікте, жағадан шамамен 4 метр қашықтықта баланың денесі табылып, артынша көлік пен ер адамның мәйіті судан шығарылды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД.

Қазіргі уақытта көліктің суға қалай түсіп кеткені белгісіз. Қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, сондай-ақ қиын жететін аумақтарда абай болуға шақырады. Төтенше жағдай орын алса, бірден 112нөміріне хабарласу қажет.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?