Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді

28.06.2025, 17:50
1172
Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Global Look Press / Keystone Press Agency

12 күндік қақтығыста қаза болған ғалымдар мен әскери шенділер жер қойнына тапсырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран астанасы Тегеранда Израильмен болған 12 күндік қақтығыстан кейін қаза тапқан 60-қа жуық адам жер қойнына тапсырылды. Олардың арасында жоғары шенді әскери шенеуніктер мен ядролық ғалымдар да бар.

Жаппай жерлеу рәсімі Тегеранның орталығындағы Энкелаб алаңында өтті. Мемлекеттік ту жамылған табыттарды мыңдаған адам қоршап, қара киінген жұрт қолдарына марқұмдардың суреттерін ұстап, Израильге қарсы ұрандар айтты. Жерленгендердің қатарында Иран қарулы күштері штабының бұрынғы бастығы, генерал Мохаммад Багери де болды.

Қаралы жиынға Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы Хосейн Салами мен ядролық саладағы танымал ғалымдар қатысты. Олардың қатарында Тегерандағы Азад университетінің бұрынғы басшысы Мұхаммед Мехди Тегеранчи бар.

Қақтығыс АҚШ-тың араласуынан кейін аяқталған. Америкалық күштер Ирандағы бірқатар маңызды ядролық нысандарға соққы жасаған. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран уранды қауіпті деңгейге дейін байытуды жалғастырса, жаңа шабуыл мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды