SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейдің Израильмен 12 күндік соғыста «жеңіске жеттік» деген мәлімдемесіне жауап берді.
Трамп Truth Social желісінде жариялаған жазбасында Хаменейді «өтірік айтты» деп айыптап, оның сөзі «наглылық пен ақымақтықтың шыңы» екенін айтты.
«Үлкен сенім иесі ретінде ол жалған сөйлемеуі керек еді», – деді Трамп.
АҚШ президенті Иранның үш негізгі ядролық нысанының жойылғанын растады және Хаменейдің өміріне қауіп төнгенін айтты.
«Мен оның қайда жасырынғанын нақты білдім. Израильге де, АҚШ Қарулы күштеріне де – әлемдегі ең қуатты армияға – оны өлтіруге жол бермес едім. Мен оны өте масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым. Сондықтан ол “Трамп президентке рақмет” деуі керек», – деді Трамп.
Сондай-ақ ол Израильдің Тегеранға тікелей бағыт алған «үлкен ұшақтар тобын» қайтаруды талап еткенін, себебі бұл «соғыстың шешуші нүктесі болуы мүмкін еді» деп атап өтті.
Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ-Иран қарым-қатынасының шиеленісуіне тағы бір себеп болуы мүмкін.