740

Украина жаяу әскерге қарсы миналарды тыйым салатын келісімнен шықты

Зеленский миналарды қорғаныс құралы деп атады.

Украина жаяу әскерге қарсы миналарды тыйым салатын келісімнен шықты
REUTERS - Ukrainian Presidential Press Ser

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский елдің жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға, өндіруге және жинақтауға тыйым салатын Оттава конвенциясынан шығатынын мәлімдеді. Бұл қадам Ресеймен соғыс жағдайында жасалған және көрші елдер – Финляндия, Польша, Латвия, Литва және Эстония қабылдаған ұқсас шешімдердің жалғасы ретінде бағаланып отыр.

«Жаяу әскерге қарсы миналар – қорғаныс үшін кейде баламасыз құрал. Ресей бұл келісімге ешқашан қосылған жоқ және оларды өте циничті түрде пайдаланып отыр», – деді Зеленский.

Оттава конвенциясы деген не?

1997 жылы қабылданған бұл халықаралық құжатта жаяу әскерге қарсы миналарды өндіруге, қолдануға, сақтауға және таратуға толық тыйым салынады. Құжатқа 160-тан аса ел қосылған. Негізгі мақсаты – соғыстан кейінгі кезеңде бейбіт тұрғындарды миналардан қорғау.

Украинаның не үшін шыққаны түсіндірілді

Зеленский бұл саяси қадамның негізгі мақсаты – елдің қорғанысын күшейту және Ресей шекарасы бойындағы елдермен әрекетті үйлестіру екенін атап өтті. Бұл шешімді енді Украина парламенті де бекітуі керек.

Euronews дерегінше, Украина – әлемдегі ең көп миналанған ел. Толық тазалау жұмыстарына 30 жылға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. 2022 жылдан бері Украина қарулы күштері азат еткен аймақтарда миналар өте көп.

Материал авторы