496

Реджеп Тайип Ердоған президент сайлауына кандидат ретінде ресми ұсынылды

Түркияның Ақ партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы (MHP) Реджеп Тайип Ердоғанның кандидатурасын алдағы президент сайлауына кандидат ретінде ресми ұсынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

Реджеп Тайип Ердоған президент сайлауына кандидат ретінде ресми ұсынылды
Анадолы Агенттігі

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға сапары барысында Реджеп Тайип Ердоғанға Президент сайлауында сәттілік тілеген болатын.

«....Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін белгілі болғандай Түркия Президенті Реджеп Ердоған 10 наурызда сайлауға дайындықты бастау жөніндегі қаулыға қол қойды. Қол қойылғаннан кейін 60 күн сайлауалды кезең өтіп, 14 мамырда президент сайлауы болады.