«Аватардағыдай»: Илон Маск адамдар Tesla Optimus роботын оймен басқара алатынын айтты

30.06.2025, 12:32
1356
«Аватардағыдай»: Илон Маск адамдар Tesla Optimus роботын оймен басқара алатынын айтты ixbt.com

Илон Масктің роботы арқылы аяқ-қолынан айырылған жандар протезін оймен басқара алмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск болашақта адамдар Tesla-ның гуманоид роботы Optimus-ты ой күшімен басқара алатынын мәлімдеді.

Масктың айтуынша, Neuralink импланты адамның миынан шыққан сигналдарды тікелей роботқа жеткізуге мүмкіндік береді.

«Сіз Optimus роботтың денесін және оның барлық датчиктерін толық бақылауға ала аласыз. Яғни, оны ой арқылы басқаруға болады. Болашақ қызық әрі оғаш болады», — деді миллиардер.

Ол сондай-ақ, Neuralink имплантының көмегімен дене мүшелерін қалпына келтіруге немесе жоғалған аяқ-қолдың орнын толтыруға болады деп есептейді.

«Мысалы, аяғынан немесе қолынан айырылған адамдар үшін болашақта біз Optimus-тың қолын немесе аяғын тікелей қосып, басқаруға мүмкіндік жасай аламыз», – дейді Маск.

Оның айтуынша, Neuralink ми сигналдарын зақымданған жүйке жүйесінен тыс шығарып, адамның қозғалу мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектесе алады. Бұл технология арқылы тіпті мойын омыртқасы зақымданған адамдардың өзі толық қалпына келуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Neuralink импланты бар адамдар роботтың қолын оймен басқаруды үйреніп жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады