Ақтауда жолаушылар автобусы мен бес жеңіл көлік соқтығысты

30.06.2025, 13:32
780
Ақтауда жолаушылар автобусы мен бес жеңіл көлік соқтығысты Lada.kz

Апаттан 6 адам жарақат алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында ірі жол-көлік апаты тіркелді. Ақтау қаласына жақын Маңғыстау ауылының маңында жолаушылар автобусы мен бес жеңіл көлік соқтығысып, алты адам жарақат алды.

Оқиға 27 маусым күні кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа Ravon және тағы бірнеше жеңіл көлікпен қатар, жолаушылар автобусы да қатысқан. Болжам бойынша, жол апатына полициядан қашқан Toyota Sienna көлігінің жүргізушісі себеп болған.

Бейресми ақпаратқа сай, бір адамның көз жұмғаны, ал екі адамның жағдайы ауыр екені айтылған. Алайда, бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды Lada.kz.

Облыстық көпбейінді аурухананың мәліметінше, апаттан зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілген. Алғашқы тексерістен соң төрт адам амбулаториялық емге жіберілді, ал екі науқас ауруханаға жатқызылған.

Ауыр жарақат алғандардың бірі – 1995 жылы туған ер адам. Оның бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі, жамбас сүйегі, үлкен жіліншік сүйегі және оң аяғындағы бірнеше сүйек сынған. Ол нейрохирургия бөлімінежатқызылды.

Екінші науқас – 1975 жылы туған ер адам. Оның кеуде қуысы, оң жақ қабырғалары мен иығы сынғаны анықталды. Ол хирургия бөліміне түсті.

Қазіргі уақытта екі науқас дәрігерлердің бақылауында. Апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады