«Қазақстан да 500% баж салығына ілігуі мүмкін»: Трамп Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдады

30.06.2025, 15:12
1301
«Қазақстан да 500% баж салығына ілігуі мүмкін»: Трамп Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдады Reuters

Трамп Ресей мен оған көмектескендерді шындап қорқытуға кірісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауданы жалғастырып жатқан елдерге 500% баж салығын салу туралы заң жобасын қолдады. Бұл туралы сенатор-республикалық Линдси Грэм 30 маусым күні ABC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Кеше гольф ойнап жүріп, президент алғаш рет маған бұл заң жобасын алға жылжыту уақыты келгенін айтты», – деді Грэм. Оның айтуынша, құжат 7 шілдеден, яғни АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінен кейін Конгреске қайта жиналғанда қарала бастайды.

Ресеймен сауда жасайтындарға – жаза

Грэмнің айтуынша, заң жобасы бойынша Ресеймен сауда жасайтын және Украинаға көмектеспейтін елдерге АҚШ-қа экспортталатын тауарларына 500% кедендік баж салығы енгізіледі.

«Үндістан мен Қытай Путиннің мұнайының 70%-ын сатып алып отыр. Бұл – Ресейдің әскери машинасын қаржыландыру. Заң жобасын 84 сенатор қолдап отыр. Бұл құжат президентке Үндістан, Қытай және басқа да елдерге қысым жасап, оларды Путиннің соғысын қаржыландыруды тоқтатуға мәжбүрлеуге мүмкіндік береді», – деді сенатор.

Трамп пікірін өзгертті ме?

Мамыр айында Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуден бас тартқан болатын. Бұл шешім Путинмен сөйлескеннен кейін қабылданғаны хабарланған. Сол кезде Ресей Украинамен бітімге келмеген еді.

Бірақ енді Грэмнің сөзінше, Трамп бұл жолы заң жобасын қолдауға дайын екенін айтқан. Дегенмен сенатор президенттің нақты заңға қол қоятынына жауап бермей, «оның жағдайы жақсы» деп шектелді.

Бұған дейін не болды?

1 сәуірде Линдси Грэм мен демократ Ричард Блюменталь бастаған 50 сенатор жаңа санкциялар туралы заң жобасын ұсынған болатын. Құжатта ресейлік мұнай, газ, уран мен басқа да өнімдерді сатып алатын елдерге 500% баж салығы енгізу ұсынылған.

Олар сондай-ақ Ресейдің 300 млрд доллардан астам мұздатылған активтерін тәркілеп, Украинаның пайдасына беру идеясын бірнеше рет көтерген, бірақ ол бастамалар жүзеге аспады.

Грэмнің айтуынша, бұл жолы Конгрестегі қолдау анағұрлым күшті, ал Трамп бұл жолы нақты іс-әрекетке баруы мүмкін.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады