871

Шымкентте полиция басшысы аяғы ауыр әріптесін зорлады деген күдікке ілікті

Бастықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте полиция басшысы аяғы ауыр әріптесін зорлады деген күдікке ілікті
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жоғары лауазымды полицейге қатысты зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті — Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында хабарлады.

"Кеше Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасарына қатысты зорлау туралы арыз түсті. Жәбірленуші – оның әріптесі, құқық қорғау органдарының қызметкері. Ол қазір жүкті", – делінген жазбада.

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі Liter.kz редакциясының ресми сауалына жауап берді.

"Әйел адамның арызы негізінде ҚР ҚК 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Материал авторы