1103

Әбиба Әбужақынова төртінші көлігін сыйға алды

Париж олимпиадасында 5 орын алған спортшыға енді Lexus көлігі сыйға берілді.

Әбиба Әбужақынова төртінші көлігін сыйға алды
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова кезекті табысы үшін тағы да көлікке ие болды. Бұл жолы спортшыны марапаттаған — «Jenys» спорт клубы.

Ақпаратты Әбиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаным үшін Jenys клубы көлік сыйлады. Ел намысын қорғаған сәттерде клуб әрдайым жанымыздан табылып, жетістіктерімізге шын қуанады. Өте қуаныштымын әрі алғысым шексіз», – деп жазды спортшы.

«Jenys» клубы бұған дейін де халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға материалдық қолдау көрсетіп, ынталандырып келеді. Бұл жолы да Әлем чемпионатындағы жоғары нәтиже елеусіз қалмады.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақыноваға бұл — төртінші көлік. Бұған дейін ол Париж Олимпиадасында 5-орын алып, жанкүйерлер мен демеушілер тарапынан үш рет автокөлікпен марапатталған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор