Путин қырсығып отырғанда, ЕуроОдақ пен Украина жаңа сауда келісіміне қол жеткізді

01.07.2025, 10:33
5137
Путин қырсығып отырғанда, ЕуроОдақ пен Украина жаңа сауда келісіміне қол жеткізді AP Photo

Брюссель мен Киев шектеусіз жеңілдіктер кезеңін аяқтап, фермерлік мүдде мен саяси мақсатты үйлестіруге тырысып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина мен Еуроодақ арасында жаңа сауда келісімі жасалды. Бұл құжат 2022 жылдан бері уақытша негізде жұмыс істеп келген сауда ережелерін алмастырады.

Еурокомиссия дүйсенбі күні украиналық тараппен келіссөздерден кейін Украинамен жаңа сауда шарттары бойынша негізгі уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді. Келісім «Тереңдетілген және жан-жақты еркін сауда аймағы» (DCFTA) аясында жасалды. Бұл — Украина мен ЕО арасындағы негізгі сауда құрылымы.

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен бұл келісімді Украина мен ЕО арасындағы толық интеграция жолындағы маңызды қадам деп бағалады.

Уақытша тәртіп аяқталды

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін ЕО украин өнімдеріне қатысты барлық тарифтер мен квоталарды алып тастаған болатын. Бұл – Автономды сауда шаралары (ATM) деп аталды. Алайда оның мерзімі 2024 жылғы маусымда аяқталды.

Жаңа келісім – бұрынғыдай шектеусіз қолдау емес, ЕО фермерлерінің мүддесін де ескеретін теңгерімді құжат. Өйткені бұған дейін Франция, Польша сынды елдерде фермерлер украиналық өнімдер тасқынына қарсы наразылық білдірген болатын.

Келісімнің басты шарттары

ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Марош Шефчович жаңа келісімді «әділ, теңгерімді және шынайы» деп атады.

– Украина 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы стандарттарын ЕО нормаларына сәйкестендіруге міндеттеме алды.

– ЕО нарықтарын қорғау үшін қатаң қорғау тетіктері енгізіледі. Жұмыртқа, қант, бидай секілді өнімдерге жаңа квоталар енгізілмек. Бұл квоталар бұрынғыға қарағанда шектеулі болады.

– Ал сүт өнімдері, саңырауқұлақ және жүзім шырыны секілді кейбір тауарларға толық либерализация қарастырылған.

– Украина да ЕО-дан келетін шошқа еті, құс еті, қант сияқты өнімдерге импорт квоталарын кеңейтуге және өз тауарларына салынатын кейбір кедендік алымдарды азайтуға келісті.

Бұл өзгерістер, әсіресе Украинамен шекаралас елдердегі еуропалық фермерлер үшін жаңа экспорт мүмкіндіктерін ашады.

Алда не күтіп тұр?

Келісімнің толық мәтіні әлі жарияланған жоқ, алайда техникалық тұстарын нақтылау жұмысы басталып кетті. Еурокомиссия жақын күндері құжатты ЕО елдеріне және Еуропарламентке ұсынады.

ЕО пен Украина арасындағы жаңа сауда келісімі бұрынғыдай шексіз қолдаудан аулақ. Бұл – екі жақтың мүдделерін ескеретін, саяси және экономикалық теңгерімді көздеген құжат. Украина үшін бұл – Еуроодаққа мүшелікке жақындаудың тағы бір нақты қадамы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды