Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі қайта сотқа жолданды

01.07.2025, 11:48
3834
Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі қайта сотқа жолданды бейнежазбадан, Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Әуежайдағы қызметкер қызға пышақ кезеніп, кепілге алған ер адам сот алдында жауап бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында адамды кепілге алу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қайтадан сотқа жолданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform жазды. 

Еске салайық, 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайында ер адам көпшілік көзінше қызды пышақпен қорқытып, кепілге алған болатын. Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Аталған іске қатысты Машрапбек Баратов күдікті ретінде танылып, оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:

ҚК 261-бабы (Кепілге алу),

ҚК 293-бабы (Бұзақылық),

ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау).

Бастапқыда іс жеделдетілген тәртіппен қаралуы тиіс еді. Алайда Түрксіб аудандық сотында сотталушы кепілге алу бабымен тағылған айыпты мойындамағандықтан, іс жалпы тәртіппен қайта тергелу үшін прокурорға қайтарылған.

Қайта тергеу нәтижесінде айыптаулар өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, жәбірленуші ретінде Мұса Абдраим танылып отыр.

Қазіргі таңда іс аяқталып, қайтадан сотқа жіберілді. Алғашқы сот отырысы 7 сәуірде өткен.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды