Шенеуніктер жымқырған қаржыға Қарағандыда 51 медициналық мекеме салынып жатыр

01.07.2025, 13:03
7444
Шенеуніктер жымқырған қаржыға Қарағандыда 51 медициналық мекеме салынып жатыр Ninoon / Getty Images

Қайтарылған активтердің есебінен аудандар мен ауылдарға денсаулық сақтау нысандары салынбақ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен бөлінген қаражатқа 51 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатыр.

Үкіметтің шешімімен Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 5,9 млрд теңге Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысын аяқтауға бағытталған. Бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Жаңа медициналық мекемелер шалғай ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттырып, алдын алу, ерте диагностика және шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Ұлттық жоба аясында республика бойынша 655 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 480 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет пен Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылып отыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы заңсыз алынған активтерді қайтару және оларды халықтың игілігіне пайдалану туралы тапсырма берген болатын. Қайтарылған қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталып келеді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды